ҚЫСҚЫ СПОРТ / ҚАЗАҚСТАН
Алматы 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындалуда
NordSpirit — Қазақстандағы шаңғы спорты мен биатлонның дамуын қолдайды
2029 жылы Алматы Азиядағы ең ірі спорттық оқиғалардың бірі — X қысқы Азия ойындарын қабылдайды. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының назарын Қазақстанға, оның спорттық әлеуетіне және қысқы спорт түрлерінің дамуына аударудың маңызды мүмкіндігі.
Мұндай деңгейдегі жарыстарға дайындық — инфрақұрылымды дамыту ғана емес, сонымен қатар спортшыларға, кәсіби дайындыққа және сапалы спорттық киімге инвестиция салу. Шаңғы жарысы мен биатлон спортшылардың төзімділігіне, киімнің функционалдығына және әртүрлі ауа райы жағдайларына бейімделуіне жоғары талап қояды.
NordSpirit Қазақстандағы қысқы спортты дамытуға деген ұмтылысты қолдайды және қазақстандық спортшыларға, әсіресе шаңғы жарысы мен биатлонда ел намысын қорғайтын атлеттерге қолдау көрсетуге дайын. Кәсіби спорттық киім мен заманауи технологияларға қолжетімділік — дайындық пен жоғары нәтижелерге жетудің маңызды бөлігі деп сенеміз.
Dæhlie: кәсіби спорт тәжірибесі
NordSpirit Қазақстанда аты аңызға айналған шаңғышы, бірнеше дүркін Олимпиада және әлем чемпионы Бьорн Дэли негізін қалаған норвегиялық Dæhlie брендін ұсынады. Бренд 30 жылдан бері шаңғы жарысына, жүгіруге және белсенді өмір салтына арналған технологиялық киім жасап келеді.
Dæhlie негізінде — кәсіби спорт тәжірибесі, функционалдық, ұсақ-түйекке мән беру және нәтижеге ұмтылу.
Брендтің халықаралық тәжірибесіне Nordiq Canada және Aker ASA мен Dæhlie Sportswear бірлесіп құрған Team Aker Dæhlie командасымен ынтымақтастық кіреді.
Ынтымақтастыққа ашықпыз
Біз спортшылармен, спорт клубтарымен, федерациялармен, жаттықтырушылармен және жарыс ұйымдастырушыларымен ынтымақтастыққа ашықпыз. Қазақстанда шаңғы спорты мен биатлонды дамытуға, болашағынан үміт күттіретін атлеттерді қолдауға және белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған бастамалар біз үшін маңызды.
2029 жылғы Азия ойындары — еліміздегі қысқы спорттың болашағы үшін күш біріктіруге маңызды себеп. NordSpirit осы үдерістің бір бөлігі болуға және өз еңбегімен халықаралық спорт аренасында Қазақстанның атын танытып жүргендерді қолдауға дайын.
NordSpirit — Dæhlie брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы. Шаңғы спортына, жүгіруге және белсенді демалысқа арналған кәсіби спорттық киім.